Қаржы пирамидасының белгілері бар 13 сайт бұғатталған

709

Қазақстанда бір жылда қаржы пирамидасының белгілері бар 13 сайт бұғатталды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Киберқауіпсіздік басқармасының басшысы Роман Перминов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы пирамидасының белгілері бар 13 сайт бұғатталған

Оның айтуынша, қаржы секторында ақпараттық қауіпсіздік орталықтарын құру жоспарларын отыр. 

"Біз қаржы ұйымдарына орталықтың деректер алмасуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйесіне қосылуды міндеттегіміз келеді. 2020-2021 жылдары кибершабуылдардың алдын алу мақсатында агенттік 20 алаяқтық интернет-ресурсты, оның ішінде қаржылық пирамида белгілері бар 13 интернет-ресурсты бұғаттады. Банктерге ақпараттық қауіпсіздік қатерлері туралы 400-ден астам ескерту жіберілді және ЕДБ-дан келіп түскен 300-ден аса шағымға қатысты деректі өңделді", – деді Роман Перминов.

Басқарма басшысы қаржы нарығында оқыс оқиғалар бойынша ақпаратты өңдеудің Qainar жүйесі питлоттық жоба аясында іске қосылғанын жеткізді. 

"Аталған жүйе ақпараттық қауіпсіздік саласындағы оқыс оқиғаларды тіркейді, әрі ескерту жасайды. Бүгінде елдегі 22 банк Qainar-ға қосылған. Бұл ретте 8 банк ("Еуразиялық банк" АҚ, "Ресей Сбербанкі" АҚ ЕБ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "ForteBank" АҚ, "Альфа-Банк" ЕБ АҚ, "Bank RBK "Банкі" АҚ, "Halyk Bank" АҚ, "Altyn Bank" АҚ) өзара іс-қимыл жасаудың автоматтандырылған тетігін пайдаланады", – деді басшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу