"Басты мақсат – қазақстандықтарды түрлі сенімсіз қаржы операцияларына қатысудан бас тартқызу. Осыған орай өткен айда агенттік күдікті қаржылық субъектілердің тізімін жариялады. Тізімнің ішінде қаржы пирамидасының белгісі анықталған 56 ұйым бар. Бұған қоса қаржы пирамидасына қатысы бар 65 тұлғаның аты-жөні белгілі болды. Аталған ұйымдар ел аумағында қаржылық қызметті дербес жүргізеді немесе тиісті лицензиясы жоқ деген күдікке ие. Олардың жұмысында рұқсаты жоқ делдалдар арқылы қызмет көрсету белгісі бар", – деді агенттігі төрағасының орынбасары.
Қанат Махамбет