Қаржы ресурстарының тапшылығы экологиялық жобаларға әсер етіп жатыр

1034

Қаржы ресурстарының тапшылығы экологиялық жобаларға әсер етіп жатыр

2016 жылдың қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғаудың инвестициялық қоржыны 32,2 млрд теңгені құрады. Ол 2015 жылы – 62,5, ал 2014 жылы – 78,7 млрд теңге болған. Мұндай деректерді energoprom.kz келтіріп отыр.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі қоршаған ортаны қаржыландыру бойынша жобалардың үлес салмағы бар болғаны 0,4%-ды құрады.

Былтырғы жылғыдай, биыл да  қоршаған ортаны қорғауға инвестиция негізінен мұнайлы аймақтарда шоғырланды.  Атап айтқанда, алдыңғы орында 32%-бен (10,3 млрд теңге) Атырау облысы тұр. Екінші орында – 17,2%  - Батыс Қазақстан облысы (5,5 млрд теңге). Үшінші орында – Астана. Елордаға қоршаған ортаны қорғауға инвестициялық қоржынның 15,6% шоғырландырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу