Қаржы реттеушісі МҚҰ-ға және банкке шаралар қабылдады

928

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) мен банктердің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы реттеушісі МҚҰ-ға және банкке шаралар қабылдады

2020 жылғы сәуірден бері агенттік қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа да заңсыз әрекеттер бойынша мониторинг жүргізген.

"Мамырда "Altyn Bank" АҚ жарнамасында банк лицензиясының нөмірін және лицензия берген органның атауын көрсетпегені үшін қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасын қолданған.

"Сенімді Іргетас" ломбарды", "Астана Ломбард-9" ломбарды, "Пегас люкс" ломбарды, "CreditSun" МҚҰ-ға, "MyCar Finance" МҚҰ-ға қатысты шарттардың заң талаптарына сәйкес келмеген үшін жазбаша ұйғарым жасалды", - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ "ОнлайнКазФинанс" микроқаржылық ұйымына жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін дұрыс көрсетпегені үшін 145 850 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Биыл мамырда агенттік бағалы қағаздар нарығының және сақтандыру нарығының субъектілеріне қатысты бұзушылықтар анықтамаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу