Қаржы-сақтандыру қызметіне салынған негізгі инвестиция 60 миллиардтан асты

1406

Оның 63%-ы Қазақстанның қаржы орталығы саналатын Алматы қаласына тиеселі. 

Қаржы-сақтандыру қызметіне салынған негізгі инвестиция 60 миллиардтан асты

Өткен тоғыз айда Қазақстанның қаржы-сақтандыру саласына салынған негізгі инвестиция 60,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.kz. Бұл – осыған дейінгі ұқсас кезеңдердің барлығымен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырсақ,  бірден 38,7% өсім болған. Былтырғы жылы бұл бағытта көрсеткіш керісінше 9,1%-ға төмендеген еді.  Жалпы 2018 жылы бұл бағыттағы негізгі инвестиция 65,6 млрд теңгені құраған. Ол 2017 жылмен салыстырғанда 9,1%-ға жоғары. 

2018 жылғы инвестициялық салымдардың  99%-ы бизнестің жеке қаражаты. Бір жылда бизнестің инвестициялық үлесі  39,3%-ға өсіп  59,7 млрд теңгені құрады. 

Салаға салынған негізгі инвестицияның  63,3%-ы Алматы қаласына тиесілі. Мұнда бір жылдағы өсім  29,6% немесе 38,1 млрд теңге.  Алайда бұған қарамастан Алматының жалпыреспубликалық көрсеткіштегі үлесі  67,7%-дан  63,3%-ға төмендеді.

Екінші орында Нұр-Сұлтан, мұнда инвестиция көлемі  49%,  8,5 млрд теңгеге өскен. Жалпы көрсеткіште астананың үлесі  13,1%-дан  14,1%-ға артты.

Үшінші орында Маңғыстау облысы. Аталған өңірде инвестиция көлемі 5,6 есеге өсіп, 1,9 млрд теңгеге жеткен.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу