Қаржы секторының реформасы бақылауда болады

1115

Ұлттық банк тікелей шетел инвестицияларының статистикасын жариялап отырады.  

Қаржы секторының реформасы бақылауда болады

Ұлттық банк қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қаржы технологиялары мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлейді. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев осылай деді. 

Оның сөзінше, қаржы реттеушісі биыл сәуір айынан бастап мұнай-газ саласынан бөлек тікелей шетел инвестицияларының әкеліну статистикасын тоқсан сайын жариялайды. 

"Қаржылық тұрақтылық және қаржы секторын одан әрі реформалаудың барлық шараларын үйлестіру Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құрылған қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңес арқылы қамтамасыз етіледі", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу