Қаржы ұйымы қаржы дағдарысының құрсауында қалды

1057

Қаржы ұйымы қаржы дағдарысының құрсауында қалды

Әзербайжанның халықаралық банкі банкроттың алдында тұр. Аталған қаржы ұйымы елдегі валюта тапшылығы салдарынан сыртқы қарызын төлей алмай отыр. Банк басшылығы кредиторлармен берешекті қайта құрылымдау бойынша келіссөз бастауды жоспарлап отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 мамырда Әзербайжанның халықаралық банкі өзінің негізгі қарызы мен несиенің мөлшерлемесін өтеу үшін 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі төлемді өткізді. Қарыздың тағы бір бөлігін Әзербайжанның құнды қағаздарына айырбастау жоспарланып отыр. Оған қоса, шетелдік валютамен берілген несиені қайта құрылымдау мәселесі міндетті түрде қаралатын болады. Оған кредиторлардың қолдауы қажет. Себебі қарыздың жартысынан көбі - кредиторлардың ақшасы.

"Төлемдерді тоқтату туралы шешімнің өкінішті жағдай екенін түсінеміз. Қазіргі кезде Әзербайжанның халықаралық банкінің жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қолға алу қажет" - делінген банктің ресми хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу