Қаржы вице-министрі МӘМС жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты

181

Бұған дейін МӘМС қорының құрылымы көпдеңгейлі болды.  

Қаржы вице-министрі МӘМС жүйесін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты Фото: Үкімет

МӘМС жүйесі Денсаулық сақтау министрлігінен Қаржы министрлігінің басқаруына өтті. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл қадамнан қандай өзгерістер күтілетінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі таңда Президенттің, Үкімет басшысының тапсырмалары бойынша бұл жүйе бойынша түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Біздің бастапқы мақсатымыз – барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, бөлек болып келген жүйелерді қайта қосу, қаржыны үнемдеп пайдалану. Осы мақсатта Qalqan атты жоба іске асырылуда. Жоба бөлек болып келген бірнеше жүйелерді біріктіреді. Осы жүйеге 1,6 мың қолданушы қосылды", – деді вице-министр Үкіметте өткен брифингте.

Тілшілер спикерден қандай өзгеріс болады деп нақтылады.

"Біздің басты мақсат – осы қорға түскен әр қазақстандықтың қаражатын үнемді пайдалану және заңбұзушылықтарды болдырмау. Бұған дейін МӘМС қорының құрылымы көпдеңгейлі болды, оны да біз оңтайландырамыз. Себебі ортада орналасқан кейбір бөлімшелерді біз қысқартып жатырмыз. Барлығын цифрлық форматқа көшіріп жатырмыз. Бұрын кейбір шешімдерді басшылық облыс шеңберінде қабылдаған. Қазір олай емес, тек қана бір жүйеде орталықтандырылған бақылау жүйесінде автоматты түрде шешім қабылданады. Біреу көп алды немесе медициналық орталық қаржыны ұрлап алды деген жағдайлар болмайды. Біздің мақсат – осыны қамтамасыз ету", – деп жауап берді Ержан Біржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу