Қаржы және сақтандыру саласындағы инвестициялардың көбі Алматыға тиесілі

440

Жалпы, сектордағы капиталдық салым көлемі өткен жылғы көрсеткіштерден аз.

Қаржы және сақтандыру саласындағы инвестициялардың көбі Алматыға тиесілі

2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында қаржы және сақтандыру қызметі саласындағы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 65,8 млрд теңгеге жетті. Көрсеткіш 2019 жылғыдан 2%-ға кем. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

Былтыр бұл салаға бөлінген инвестиция көлемі бір жылда 38,5%-ға артып, 90,8 млрд теңге болған еді. 

Инвестиция бизнестің меншікті қаражатынан шығындалып отыр.Қаңтар және қазан айларында меншікті қаражат есебінен бөлінген каптиалдық салым 63,8 млрд теңгеге дейін азайды (-4,2%). Кредиттер мен басқа да қарыз түрлерінен 1 млрд теңгедей келген. 

Саладағы инвестициялардың үштен екісі елдің қаржы орталығы яғни Алматыға тиесілі: 43,3 млрд теңге. Одан кейінгі орындарға Нұр-Сұлтан қаласы (7,1 млрд тг)  мен Атырау облысы(3 млрд тг) жайғасты . 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу