"Қаржы жоқ деген сылтау": Ринат Зайытов ең төменгі жалақыны өсіруге қатысты мәселе көтерді

191

Құзырлы министрлік бұл бағытта есептеулер жүргізген. 

"Қаржы жоқ деген сылтау": Ринат Зайытов ең төменгі жалақыны өсіруге қатысты мәселе көтерді Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ең төменгі жалақыға қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Халықаралық конвенцияның есептеу әдістемесімен танысып шықтым. Өте үлкен жұмыс жасалған. Енді осы жерде бір сұрақ туындап отыр. Негізінде Қаржы министрлігі де бұл қағазбен таныс. Бұның бес әдістемесінің өзінде ең төменгі жалақы ең кемінде 90 мың мен 101 мың теңгенің арасында шығып тұр. Халықаралық еңбек ұйымының бір ұсынысында ол медиандық жалақының елу пайызы болу керек, демек бізде 158 мың теңге болуы тиіс. Бірақ бізге жеткен ақпарат бойынша қазір осы бес әдістеме түрінде біреуін өсіруге Қаржы министрлігі қаржы жоқ деп жауап беріп отыр дейді. (...) Қаржы жоқ деген жалған сылтау деп ойлаймын, себебі бізде керек емес жаққа да жұмсалып жатқан қаржы бар. Оның бәрін айтып, дау көтермей-ақ қояйын", – деді Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов.

Депутат конвенциядағы бес әдістемеге сәйкес ең төменгі жалақы ретке келе ме, деп сұрады.

"Негізі есептеулер жүргізілді. Қаржы министрлігі бізге өз ұсыныстарын берді. Ең төменгі жалақы өскеннен кейін, разрядаралық коэффициент те өседі. Онымен бюджетке төленетін төлемдердің де қаржысы бөлек есептеледі. Соның бәрін қосқанда қосымша төлемдер 47-48 млрд-қа шығып тұр. Қазіргі уақытта айтуға ерте. Бұл трибунадан мен сізге ертең болады деп уәде бере алмаймын", – деп жауап берді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Айта кету керек, бұған дейін 85 мың теңге жалақыны қанша азамат алып отырғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу