Қаржыгер Батырбек Әлжанов дүниеден озды

1252

Қазақстандық қаржыгер, Ұлттық банктің банкнот фабрикасының бас директоры Батырбек Әлжанов 59 жаста қайтыс болды. Қаржы реттегіш жүйесінде Әлжанов 30 жыл жұмыс істеді, деп жазады inbusiness.kz Zakon.kz-ға сілтеме беріп.

Қаржыгер Батырбек Әлжанов дүниеден озды

1986 ж. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірген, неміс және ағылшын тілдерінің оқытушысы;

1997 ж. РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітірген, банк ісі.

1986-87 жж. - Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген.

1988-90 жж. - Шетелдік туризм жөніндегі мемлекеттік комитетінің Алматы бөлімшесінің туризм жөніндегі инспекторы.

1990-92 жж. ҚазКСР телевидение және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы.

1992-96 жж. - ҚР Ұлттық банкінің экономисі, жетекші, бас экономисі, корреспонденттік қатынастар мен диллинг операциялары басқармасының бастығы, валюталық шоттар басқармасы бастығының орынбасары, корреспонденттік қатынастар мен халықаралық есеп айырысу басқармасының бастығы, шетелдік операциялар департаменті директорының орынбасары.

1996-97 жж. - "Тұранбанкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

1997-2005 жж. - ҚР Ұлттық банкінің шетелдік операциялар департаментінің директоры, монетарлық операциялар департаментінің директоры.

2005 жыл- 24.01.2011 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

Соңғы қызметі: "ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы” РМК директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу