Қаржыгерлер қауымдастығы: Қазақстанда автосақтандырудың ережесі өзгереді

520

Көлікті сақтандыру ақысы 20 жылдан бері өзгермеген.

Қаржыгерлер қауымдастығы: Қазақстанда автосақтандырудың ережесі өзгереді Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде автокөлікті сақтандырудың тарифі өзгереді. Қазір бағаны белгілеу жұмыстары жүруде. Бұл туралы Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, көлікті сақтандыру ақысы 20 жылдан бері өзгермеген. Ал, бұл уақыт аралығында автобөлшектер мен сервис қызметінің құны біршама өскен.

"Автокөлікке төленетін өтемақы жылдан-жылға өсіп келеді. Мәселен, 5-10 жыл бұрын компанияның өтемақысы орта есеппен 100-300 мың теңгенің арасы болса, бүгінде өтемақының орташа құны 500 мың теңгеге жетті. Сондықтан тиімді жүйе болуы үшін әр өңірдің баға ерекшелігіне қарай тариф бекітілмек.  Ал, өтемақы шығыны аз аймақтарда тариф керісінше қысқарады.  Сондай-ақ, жол апатына жиі ұшырайтын жүргізушілер үшін де тарифті  қымбаттату мәселесі көтерілуде", - деді Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының басқарушы директоры Ерлан Бурабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу