Қаржылық алаяқтықпен айналысқан деген күдікпен Ақмола тұрғыны ұсталды

1639

Қаржылық алаяқтықпен айналысқан деген күдікпен Ақмола тұрғыны ұсталды

Ақмола облысының тұрғынына ғаламтор желісі бойынша алаяқтықтың он фактісі бойынша айып тағылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана қаласының полиция департаменті 51 жастағы Ақмола облысының тұрғынына қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.

"Ұсталған азаматша ғаламторда алаяқтық жасады деген күдікке ілікті. Ол  "WhatsAp" желісінде арнайы топ ашып, электронды қаражат бойынша биржалық келісімдерге қатысу арқылы салымшылардың  қаражатын айналдырып беруге уәде еткен. Түрлі акциялар мен жеңілдіктер ұсынып, салымшыларды еліктірген. Салымдарды киви әмияндары арқылы қабылдаған", – делінген Астана қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

2 желтоқсанда Астана қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, күдіктінің 400 мың теңгеден астам ақшаны екі есе қайтаруды уәде еткенін мәлімдеді.

"Қазіргі таңда полиция алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жәбірленушілер саны көп болуы да мүмкін", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты, полиция күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардың полиция басқармасына Бейбітшілік,19 мекен-жайы бойынша немесе 8 (7172) 71-62-91; 71-63-35 немесе 102 номерлері арқылы хабарласуын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу