Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада өтеді

167

Қаржылық мониторинг агенттігі сәуір айынан бастап еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттерге қаржы пирамидаларынан қорғануға қатысты дәріс оқып жатыр.    

Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиада өтеді Фото: aiu.kz

Бүгінге дейін 200-ден астам оқу ошағы қамтылды. Дәріске 100 мыңнан аса адам қатысты. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық Олимпиада өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оған "Құқықтану", "Экономика", "Халықаралық қатынастар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" бағыттары бойынша білім алатын 2-3 курс студенттері мен магистранттар қатыса алады.

Олимпиаданың мақсаты – жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік саласындағы қазіргі трендтерді көрсету және осы саладағы қауіптер мен тәуекелдерге қарсы тұруды үйрету.

Олимпиада жеңімпаздары биыл қыркүйек айында Ресей Федерациясының Красноярск қаласында өтетін Халықаралық қаржылық қауіпсіздік олимпиадасында елімізді таныстыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу