Қаржылық мониторинг агенттігі академиясының ректоры тағайындалды

450

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жанындағы "AML ACADEMY "Қаржылық мониторинг академиясы" АҚ-ның ректоры болып Ерғали Мерзадинов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі академиясының ректоры тағайындалды Фото: gov.kz

Ерғали Серікбайұлы 1958 жылы Шымкент облысында туған. Заң ғылымдарының кандидаты.

40 жыл бойы құқық қорғау органдарында қызмет етті –Алматы, Астана қалаларының, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларын басқарды.

ҚР Ішкі істер вице-министрі, Бас прокурор орынбасары, Бас әскери прокурор қызметтерін атқарды.

2018-2022 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу