Қаржы мониторингі Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын

281

Бұған дейін БАҚ-та Қ.Бишімбаевтың отбасы мен жақын туыстарының кірісін тексеру жөніндегі петиция басталғаны туралы хабарланған еді.

Қаржы мониторингі Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын Фото: Жоғарғы сот

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен туыстарының активтері қаншалық заңды екенін тексеруге дайын. Бұл туралы аталған ведомство төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Бірақ біз заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жалпы негізде тұрақты тексеру жүргіземіз. Егер қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға қатысты тоқталсақ, петицияның нәтижесін күтейік. Бұл мәселе бойынша зерттеп, бұған міндетті түрде назар аударамыз", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу