Қаржылық мониторинг агенттігі тағы бір қаржы пирамидасын анықтады

924

Зардап шеккендер анықталуда. 

Қаржылық мониторинг агенттігі тағы бір қаржы пирамидасын анықтады

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды әртүрлі жолдармен жасырады. Бұл зергерлік бұйымдарды, туристік жолдамаларды, бағалы қағаздарды сатып алу, сату қызметтері, сондай-ақ криптовалюталар мен биткоиндерді сатудың жаңа тәсілдері болуы мүмкін.

Бұл ретте, олар көздейтіні тек қана бір мақсат – сенгіш азаматтарды "табысы тым жоғары" жобаға алдап тарту, ал жоба елеулі қаржы шығындарына әкеп соғады.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті "Антарес" қаржы пирамидасы қызметінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке тартқан. Бірақ іс жүзінде олар қаражатты қайта бөлу және бір қатысушыларды басқа салымшылардың жарналары есебінен байыту арқылы табыс тауып отырған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аумақтық департамент барлық зардап шеккен адамдарды және келтірілген залал сомасын анықтауға бағытталған шаралар қабылдап келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу