Сценарий бойынша, қаражатты салғаннан кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және "тексерістер" төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін де қаражатқа қол жеткізу бұғатталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. "Толығырақ" батырмасы "халық заңгері" деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі.
Сонымен қатар, алаяқтар Агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда "жәбірленушілердің ақшасын қайтару" туралы ақпарат жариялаған.
Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, "ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?" деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер – аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық пошта енгізіліп, "қайтару процесін бастау" батырмасын басу ұсынылады.
– Барлық осындай сайттар, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеміз, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған. Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласыңыз. Азаматтарды сақ болуға, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге және алаяқтардың сақ болуға шақырамыз, – деп ескертті Ернар Тайжан.