Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz
Оған сәйкес ҚМА құзыреті кеңейтілетін болады. Ведомство заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу мәселесі бойынша уәкілетті орган болып айқындалды.
Агенттікке заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау, заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қызметтері беріледі.
ҚМА қарамағындағы ұйымдардың тізбесіне "Халықаралық экономика және қаржы академиясы" акционерлік қоғамы қосылады.
Құжатты көпшілік талқылау мерзімі – 23 тамызға дейін.