Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыдағы "Takorp" қаржы пирамидасының ісін әшкереледі

113

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыдағы "Takorp" қаржы пирамидасының ісін әшкереледі Фото: ҚМА

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Takorp" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

– Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе ("VIP-1" – "VIP-6") қолданылған.

Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған.

Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 қатысушы тартылылған.

Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды.

Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу