Қаржылық сауаттылыққа үйрететін тегін курс ашылды

1618

Қаржылық сауаттылыққа үйрететін тегін курс ашылды

Алматыда қазақ тілді журналистерге арналған қаржылық сауаттылықты арттыратын тегін курс ашылды. Жоба Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен және қоғам қайраткері Қуат Домбайдың бастамасымен жүзеге асты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Курс журналистерге компанияның қаржылық есебі мен қаржыландыру негіздерін түсінуді,  басқаруды үйретеді. Сонымен қатар, Ислам қаржыландыру жүйесі мен зейнетақы жүйесіне қаржы сарапшысы көзқарасымен қарауды меңгертеді.

Бүгін, курстың алғашқы дәрісі өтті. Бірінші сабақты қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов пен бизнес-тренер және ұлттық банктің экс-қызметкері Салтанат Абаева өткізді.

"Біз қазақ журналистеріне экономика саласын түсіну оңай болғанын қалаймыз. Сонымен қатар, олар экономика саласындағы жаңалықтарды максималды қарапайым және түсінікті жеткізе білуі керек", — деп атап өтті Салтанат Абаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қаржы ақпараттарын дұрыс түсіну үшін ағылшын тілін де білу қажет. Бірақ, дәрістер әзірге екі тілде өтеді.

Журналистерге арналған тегін экономикалық курстар бірнеше айға созылады. Курс соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу