Қаржыны 2016 жылы дұрыс игермеген министрліктер аталды

809

Қаржыны 2016 жылы  дұрыс игермеген министрліктер аталды

Қазақстанда бюджеттің 36 млрд теңгесі игерілмей қалды. Бұл туралы naryk.kz хабарлайды.

Қаржының игерілмеуінің қомақты сомасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде Үкіметтің 2016 жылға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстыру барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, 2016 жылы шығыстар 8 трлн 501 млрд теңгеге атқарылып, 98,3 пайызға игерілді.

Министрліктің мәліметінше,  бюджеттің 36 млрд теңгесі игерілмей қалды. Қаржыны игермеу бойынша келесідегідей министрліктер аталды:

Қорғаныс министрлігі – 29 млрд теңге; Ішкі істер министрлігі – 1,2 млрд теңге;  Білім және ғылым министрлігі – 1 млрд теңге;  Сыртқы істер министрлігі – 920,2 млн теңге; Ауыл шаруашылық министерлігі – 870,2 млн .теңге; Әділет министрлігі – 759 млн теңге. 

 "Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 2015  жылмен салыстырғанда 1,7 есе азайып 268 млрд теңгені құрады", – деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу