Қаржының басым бөлігі үш аймаққа тиесілі

1010

Қаржының басым бөлігі үш аймаққа тиесілі

2017 жылдың І жартыжылдығынжа мұнай өнімдері өндірісіне 200 млрд теңгеден астам қаржы салынған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 80 пайызға көп. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, қайта өңдеуге саладағы негізгі капиталға салынған инвестиция жыл сайын 7,2 пайызға артып отырған 411,1 млрд теңгені құрайды. Бұл жалпы Қазақстан бойынша инвестиция көлемінің 12,5 пайызын, өндірістегі инвестицияның 22 пайызын қамтиды.

Қаржының 60 пайыздан астамы негізгі үш аймаққа салынған: Атырау облысы — 115,3 млрд теңге, Павлодар — 76 млрд теңге, ОҚО — 59,1 млрд теңге.

Автомобиль бензинін шығару жылына 1745 мың тоннаға дейін артады, ал дизельдік жанармай — 1640 мың тонна, авиакеросин —  244 мың тоннаға дейін.

Инвестицияя көп салынатын салаларға металлургия өндірісі де жатады 65,2 млрд теңге. Ал дайын металдық өнімдерге қаржы былтырғыдан 81,3 пайыз көп салынды (8,1 млрд теңге), көлік құрылысында қаржы төрт еселен 24,2 млрд теңгеге жетті.

Ал ең көп инвестицияланған үштікті тамақ өндірісі саласы толтырды — 40,2 млрд теңге. Бір жылдағы өсім 43,7 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу