"Қасақана өлтірген жоқпын": Сұлтан Сәрсемәлиев сот отырысында кімді 32 рет пышақтағанын айтты

Ол қайын жұртының бәрін қасақана өлтірмегенін де жеткізді.

"Қасақана өлтірген жоқпын": Сұлтан Сәрсемәлиев сот отырысында кімді 32 рет пышақтағанын айтты Фото: Atyrau Today

Бүгін Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік іс бойынша сот процесі жалғасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында жалғасқан сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін ішінара мойындаған. 

"Ақ Жайық" басылымы күдікті күйеу баланың "Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді" деген айыппен келіспегенін жазады. Ол өлімнің абайсызда болғанын, өзін қорғану мақсатында ғана әрекет еткенін алға тартты.

Десе де, сотталушы қалған айыптар бойынша басқаша айғақтар берген. Сұлтан Сәрсемалиев Мақсот Қарабалинді 9 рет, Өтешқалиеваны 8 рет және Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет қасақана пышақтағанын растады.

Сондай-ақ, айыпталушы ұрлық, алаяқтық және құжаттарды заңсыз иемдену баптары бойынша да кінәсін мойындаған. Оның сөзінше, қылмыстан сол бұл іс-әрекеттерге ізін жасыру үшін барған.

Осылайша, күйеу бала өзіне тағылған 13 айыптан тек Наурыз Мұқанғалиевтің өліміне қатысты эпизод бойынша ғана қасақана әрекет жасағанын жоққа шығарған. 

Жаза кеткен жөн, Жангелдин ауылындағы жаппай кісі өлтіру ісі қоғамда көп резонанс тудырды. Тергеу деректері қаза тапқандар айыпталушының экс-жұбайының туыстары екенін растады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу