"Қасақана өртеген": Атырауда тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды

1226

Атырауда қасақана өртелген пәтерден 70 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Марқұмның 20 жастағы ұлы күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қасақана өртеген": Атырауда тұрғын үйден әйелдің мәйіті табылды Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 25 қыркүйекте болған.

"Түнгі сағат 03:03-те Атырау қаласының Алмагүл шағын ауданындағы 6 қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтердің өртенгені туралы шақырту түсті. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері автосатымен және баспалдақ арқылы 13 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Ал, 54 адам, оның ішінде 30 бала өздері қауіпсіз аумаққа шықты", – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. 

Пәтердегі өрт сағат 03:44-те толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 17 құтқарушы, апаттық медицина орталығынан 3 қызмеркер, 5 техника тартылған.

"Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Марқұмның 1994 жылғы ұлы күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу",  деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу