Санаулы күндерден соң мұсылман қауымының қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады. Осыған орай құрбандық малын шариғаттағы жөн-жоралғысына сай сою үшін Астанада қасапшыларға арналған семинар өтеді, деп хабарлайды kazislam.kz.
Шариғи нормаларды сақтап, құрбандық малын сою – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан "Нұр Астана" орталық мешіті құрбандық шалынатын нысандарда қызмет ететін қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырады. Дәріс барысында қасапшылық қылатын азаматтарға білікті діни мамандар құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндіреді. Ислам талаптарына сай мал союдың қыр-сырын үйренген тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылады.
Семинар 28 тамыз күні сағат 15:00-де "Нұр Астана" орталық мешітінде өтеді. Толық мәліметтерді 44-58-48, 87025299909 телефондары арқылы алуға болады.