KASE-де акциялар бағасы төмендеді

555

KASE-де акциялар бағасы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы жалпы сауда-саттық  көлемі 9,7 триллион теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 4,2 пайызға немесе 427,8 миллиард теңгеге төмен, деп хабарлайды Atameken TV.

Ал KASE индексі 2,1 пайызға төмендеп, 2362,41 пунктке теңесті.

Акция нарығындағы  баға өткен айда  құлдырап кетті. Нақтырақ айтатын болсақ, тізімде 7 компания болса, соның алтауының бағасы түсіп кеткен. 

Аутсайдерлер көшін 5,2 пайызбен KAZ Minerals компаниясы бастаған. Сонымен қатар өткен айда 64 эмитент өздерінің 244 облигацияларын сатылымға шығарған. Мемлекеттік құнды қағаздар нарығындағы сауда 12,3 пайызға төмендеп, 234,1 миллиард теңгені құрады.
Биржа мамандары құнды қағаздары нарығындағы жеке тұлғалардың есеп-шоттары 109 мың 993-ке жеткенін атап өтті. Бұл деген жеке тұлғалардың акция саудасына қызығушылықтары артуда дейді сарапшылар.

"Қазіргі таңда негізгі акциялар бағасы өкіншіке қарай түсіп кеткен. Құнды қағаздар бағасы компаниялардың жұмыс нәтижесі бойынша берген есебіне сәйкес құбылып отыр.  Индекс көрсеткіші осыған сәйкес өзгеруде. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарығындағы баға 165,8 миллиард теңгеге тең болды. оның 164,8 миллиардін қаржы министрлігі әкелсе,  қалған 1 миллиардтан астамына жергілікті әкімшіліктер өз облигацияларын  шығарған", - дейді "Қазақстан Қор биржасы" АҚ  Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу