Қазақстан қор биржасында (KASE) 13 мамырда сағат 11:30-да доллардың орташа сараланған бағамы 426,24 теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Kurs.kz деректеріне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 11:40-та 435 теңге, Алматыда 436 теңге.
Ұлттық банктің 13 мамырдағы ресми бағамы 1 долларға 434,76 теңгені құрайды. Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу