KASE-де доллар 464 теңгеге жақын саудалануда

Елорда мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 468-469 теңге.   

KASE-де доллар 464 теңгеге жақын саудалануда Фото: liter.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) 7 қараша кешкі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 464,40 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

kurs.kz мәліметіне сүйенсек, елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 17:30-да 468 теңге, Алматыда 469 теңге шамасында.

Ұлттық банктің 7 қарашадағы ресми (нарықтық) бағамы 1 долларға 464,45 теңгені құрайды.

Келесі күні теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу