KASE-де қаңтар айында 9 трлн теңгеге сауда жасалған

892

Бұл желтоқсан айымен салыстырғанда 2,6%-ға төмен.  

KASE-де қаңтар айында 9 трлн теңгеге сауда жасалған

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың қаңтар айындағы биржа нарығының негізгі нәтижелері туралы ақпарат берді.

KASE-де қаңтар айындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 9 137,7 млрд теңгені құрап, 2019 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 2,6%-ға төмендеген.

Акциялар нарығындағы сауда-саттық көлемі өткен жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 22,7%-ға өсіп, 17,9 млрд теңгеге дейін жеткен. KASE-де корпоративтік облигациялардың сауда-саттық көлемі желтоқсанмен салыстырғанда 43,8%-ға, яғни 58,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық көлемі 4 есеге дейін артып, 182,3 млрд теңгеге жеткен. Шетел валютасының нарығында сауда-саттық көлемі 905,2 млрд теңгегені құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 8%-ға төмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу