Бұл туралы арнайы брифингте KASE басқарма төрайымы Алина Алдамберген айтты.
"2023 жылдың алты айының қорытындысы бойынша KASE-де саудаланатын корпоративтік қарыз көлемі 9,2 %-ға немесе 1,3 трлн теңгеге (28,9 млрд USD) дейін төмендеді. Бұл ретте корпоративтік қарыз көлемі 2023 жылдың екінші тоқсанында 1,3 %-ға немесе 172,2 млрд теңгеге төмендеді", – деді спикер.
2023 жылдың 01 шілдесінде KASE сауда-саттық тізімдерінде 89 эмитенттің 361 корпоративтік облигацияларының шығарылымы болды. Жыл басынан бері KASE ресми тізіміне 22 эмитенттің (тоғыз жаңа) 45 облигация шығарылымы енгізілді.
"KASE_BMY индексі (негізгі алаңның корпоративтік облигацияларының кірістілік индексі) жыл басынан бері жылдық 14,00 % мәніне жетіп, 134 б.т. өсті. Алты айда сауда-саттықтың жиынтық көлемі 1 021,3 млрд. теңгені құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,4 %-ға немесе 318,8 млрд. теңгеге артты. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 8,5 млрд теңгені (қайталама нарықта – 2,3 млрд теңге), мәмілелердің орташа күндік саны – 144 (қайталама нарықта – 126), бір мәміленің орташа көлемі 59,2 млн теңгені (қайталама нарықта – 18,5 млн теңгені) құрады", – деді Биржа басшысы.