КАSЕ-де стартап жобаларды қаржыландыратын сауда алаңы ашылады

1086

КАSЕ-де стартап жобаларды қаржыландыратын сауда алаңы ашылады

Қазақстан қор биржасында стартап жобаларды қаржыландыратын сауда алаңы ашылады. Осы ретте бүгін бизнес инкубаторлармен КАSЕ басшылығы арнайы меморандумға қол қойды. Енді екі тарап бірлесіп, ұтымды стартаптарға инвестиция құюды қолға алмақ. Аталған сауда алаңы келер жылдың алғашқы тоқсанында жұмысын бастайтын болады. Яғни 2018 жылдан бастап, түрлі стартап иелері осы алаңнан өзіне қажетті инвестор табуына үлкен мүмкіндік бар. Қазір стартап жобаларды қаржыландыруға көп көңіл бөлінуде. Мұндай алаңдар бірқатар алпауыт биржаларда қызу жұмысын істеп келеді дейді КАSЕ басшылығы.

Алина Алдамберген, "Қазақстан қор биржасының" төрайымы:

"Стартап ұсынушылар инвесторларды жеке іздемей, жобаларын биржадағы алаңға алып келсе болады. Ал осы жердегі инвесторлар өзіне қажетті деген жобаны қаржыландырып отырады. Бір біріне кезікпей жүрген екі тарапты осы жерде жолықтыруды жоспарладық. Қазір бірқатар тиімді жобалар ойымызда бар. Бұрынғы әйтседе тиімді, стартаптарды қайта қаржыландыруды да көздепотырмыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу