KASE-де теңге бағамы құнсызданды

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 459,52 теңгені құрады. 

KASE-де теңге бағамы құнсызданды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,7%-ға (3,13 теңгеге) әлсіреп, 1 доллар үшін 459,52 теңгені құрады.

1 қыркүйекте орташа сараланған бағам 1 долларға 456,39 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 458 теңге, сату – 461 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458 теңгеден сатып алынып, 462 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу