Жұма күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,1%-ға (0,34 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 479,06 теңгені құрады.
Бейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 479,40 теңге болды.
21-23 қазанда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 479,06/$1 болады.
Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, еліміздің ақша айырбастау орындарында 478-480 теңге аралығында саудалануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу