Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 0,3%-ға (1,41 теңгеге) әлсіреді және 1 доллар үшін 479,40 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Сәрсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 477,99 теңге болды.
20 қазанда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 479,40/$1 болады.
Kurs.kz дерегінше, еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар 478-480 аралығында саудалануда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу