KASE-де теңгенің орташа бағамы 6%-ға құнсызданды

853

Бір доллар 465,23 теңгені құрайды.

KASE-де теңгенің орташа бағамы 6%-ға құнсызданды

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 23 ақпанмен салыстырғанда 6%-ға (28,01 теңгеге) төмендеп, 1 доллар үшін 465,23 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұдан бұрын ең төменгі көрсеткіш 2020 жылдың 19 наурызында тіркелген еді. Ол кезде 1 доллар 448,5 теңге болған. 

23 ақпан орташа сараланған бағам 1 долларға 437,22 теңгеге тұрақтаған.

"Бүгінгі күні және алдағы күндері сауда-саттықтың қалай дамитынын және бағам қандай болатынын айту өте қиын. Өйткені қазір бағам, біздің ойымызша, тек сыртқы факторлардың әсерінен өзгереді", – деді "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская брифингте.

Оның айтуынша, ел ішінде де, ішкі нарықта да теңге бағамының айтарлықтай құбылуына объективті себеп жоқ.

"Керісінше, теңге бағамын қолдауға болатын факторлар бар, мысалы, мұнайдың рекордтық бағасы. Дәстүрлі түрде мұнай бағасы көтерілген кезде теңге нығаяды", – деді Хорошевская.

Оның айтуынша, теңгеге геосаяси жағдай әсер етіп отыр.
         
Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу