KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы 0,1%-ға әлсіреді

Доллар бағасы 470,09 теңгеге тең.

KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы 0,1%-ға әлсіреді Фото: inbusiness.kz

Сәрсенбіде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,1%-ға (0,42 теңгеге) әлсіреді.

Осылайша доллар 470,09 теңгені құрады.

Сейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 469,67 теңге болды.

1 қарашадағы ресми бағам – 1 доллар үшін 469,67 теңге.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, еліміздің ақша айырбастау орындарында доллар орта есеппен 469 теңгеден сатып алынып, 472 теңгеден сатылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу