Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,2%-ға (1,10 теңгеге) нығайып, 1 доллар үшін 477,25 теңгені құрады.
Дүйсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 478,35 теңге болды.
KASE мәліметіне сәйкес, сейсенбіде АҚШ доллары бойынша сауда-саттық көлемі соңғы сессияның қорытындысы бойынша дүйсенбідегі 179,664 млн долларға қарсы 186,509 млн долларға тең. Транзакциялар саны – 616.
3 қазандағы ресми бағам – 1 доллар үшін 478,35 теңге.
4 қазанда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 477,25 болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу