KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы әлсірей бастады

634

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 16 мамырмен салыстырғанда 0,7%-ға (3,22 теңгеге) төмендеп, 1 долларға 432,79 теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы әлсірей бастады

16 мамырдағы орташа сараланған бағам 1 долларға 429,57 теңге болған. 17 мамырдағы Ұлттық банктің бекіткен ресми бағамы – 1 доллар үшін 429,57 теңге. 18 мамырдағы ресми бағам қолданыстағы тәртіпке сүйене отырып, кешкі сауданың нәтижесі бойынша белгіленеді. 

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 432 теңге, сату – 436 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 431,5 теңгеден сатып алынып, 436 теңгеден сатылуда.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу