KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы нығаюын жалғастырды

581

Елорданың ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасын сатудың максималды бағамы 436 теңге, Алматыда 437 теңге. 

KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы нығаюын жалғастырды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 19 мамыр күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 1,29 теңгеге төмендеп, 431,41 теңгені құрады. 

Айта кетейік, Ұлттық банктің 19 мамырдағы доллардың ресми бағамы 432,69 теңге болған.

Kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 431 теңге, сату – 436 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 432 теңгеден сатып алынып, 434 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу