Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы сәрсенбімен салыстырғанда 1,9%-ға (8,89 теңгеге) әлсіреді.
Осылайша биржадағы саудада 1 долларға 463,19 теңгені құрады.
Сәрсенбіде орташа сараланған бағам бір долларға 454,30 теңге болды. 17 тамыздағы ресми бағам – 1 доллар үшін 454,30 теңге.
18 тамызда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 463,19/$1 болады.
Астананың ақша айырбастау орындарында доллар сатып алу 460 теңге, сату 463-464 теңге, Алматының айырбастау пунктерінде бағам 460,5 пен 464,5 теңге арасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу