KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы төмендеді

14 тамыздағы ресми бағам – 1 доллар үшін 445,81 теңге.

KASE-де теңгенің орташа сараланған бағамы төмендеді Фото: inbusiness.kz

Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,6%-ға (2,74 теңгеге) әлсіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осылайша 14 тамыздағы саудада ұлттық валюта 1 доллар үшін 448,55 теңгені құрады.

         Жұмада орташа сараланған бағам 1 долларға 445,81 теңге болды.

         14 тамыздағы ресми бағам – 1 доллар үшін 445,81 теңге.

         15 тамызда ресми бағамды анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сүйене отырып, ол 448,55/$1 болады.

Еске сала кетсек, 14 тамыз Ресей валютасы рубль долларға қатысты құнсызданып, 1 доллар үшін 100 рубльге тең болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу