KASE: Доллар қайта қымбаттап жатыр

130

Ұлттық банктің 14 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 528,52 теңге.

KASE: Доллар қайта қымбаттап жатыр Фото: Bankiros

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529-534 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529,05 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532 теңге. Еуро 539-545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 534 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу