KASE: Доллар сәл арзандады

143

Ұлттық банктің 20 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 530,12 теңге.

KASE: Доллар сәл арзандады Фото: freepik

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,23 теңгеге арзандады.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532,5 теңге. Еуро 546-549 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 531 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу