KASE-ге 30 жыл. Алматыда халықаралық биржалық форум өтті

317

Бүгін Қазақстан қор биржасына 30 жыл толды. Осыған орай, Алматыда Халықаралық биржалық форум өтті.

KASE-ге 30 жыл. Алматыда халықаралық биржалық форум өтті Фото: KASE

Шарада биржалардың қаржы нарықтарын ілгерілетудегі рөлі талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық және қазақстандық сарапшылар өзекті бірқатар тақырыптарды да көтерді. Оған қоса, KASE-нің үздік серіктестері марапатталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қазақстан қор биржасы теңгенің құрдасы. Бүгін KASE 30 жылдық мерейтойын Алматыда форумда атап өтті. Жалпы қор биржасының тарихы тереңде жатыр. Алдымен валюта биржасы, кейін мемлекеттік бағалы қағаздар мен корпоративтік облигациялардың сату алаңы атанды. Қазір нарықтың 4 сегментін – қор, ақша, валюта және мерзімдік нарықтың басын тоғыстырған КASE 253 эмитенттің 989 бағалы қағазының шығарылымын және биржаның 51 мүшесін біріктіріп отыр.

"30 жыл ішінде біз өз бизнесімізге 39 триллион теңге тарттық. Бұл негізінен корпоративтік облигациялар яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары арқылы қаржыландырдық. Біздің биржада 460 миллиард теңгеге жуық компания акцияларының бастапқы орналастырылуы өтті", - дейді "KASE" басқарма төрағасы Алина Алдамберген.

Халықаралық биржалық форумда панельдік пікірталастарға 40-тан астам белгілі халықаралық сарапшы келген. Олар биржалық нарықтарды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, IPO-ның даму үрдістері, қаржы қызметтерін цифрландыру мәселесін талқылады. Ал осы тұста Қазақстан қор биржасының ел экономикасының дамуына қосқан үлесін айта кету керек деді форумға жиналғандар.

"Қазір нарықта көбірек инвесторлар тарту аса маңызды. Біз қазір олардың нарыққа келіп жатқанын байқап жатырмыз. Оған қоса, компаниялардың MSCI талаптарына (emssai) сәйкестік критерийлерін тексеруі өте маңызды", - дейді "Бухарест қор биржасы" директорлар кеңесінің төрағасы Раду Ханга.

"Польша қор биржасының өз 5 жылдық жұмыс стратегиясы бар. Биржа өзіне қажетті бағытта дами алуы үшін жоспарымызды Еуропа даму банкімен бекітіп алдық. Мұндай тәжірибені Қазақстанға да ескеру керек деп ойлаймын", -  деді GPW инвестиция бойынша директоры Михал Пиатек.

Сондай-ақ, форум аясында 30 жыл бойы Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы ұйымдары марапатталады. Айта кетейік, Қазақстан қор биржасы Орталық Азия аймағындағы жетекші қор екенін айта кеткен жөн.  KASE-нің барлық нарықтардағы орташа күндік сауда-саттық көлемі 1,6 триллион теңгеден асады. Ал транзакциялар саны 5 мыңнан асып жығылады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу