2022 жылдың қараша айында "KASE Global" секторындағы бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижелерімен белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.
"KASE Global" секторында жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 2 974 мәміле жасалды.
Мәмілелердің ең үлкен көлемі келесі акцияларға тиесілі болды:
- Advanced Micro Devices, Inc. (AMD_KZ) – 150,2 млн теңге сомасына 245 мәміле;
- Intel Corporation (INTC_KZ) – 133,5 млн теңге сомасына 336 мәміле;
- Meta Platforms, Inc. (META_KZ) – 122,3 млн теңге сомасына 220 мәміле.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде брокер-дилерлердің үлесіне – 34,1 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 13,5 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 52,4% тиесілі болды.
Қазіргі уақытта "KASE Global" секторында шетелдік эмитенттердің 46 акциясымен сауда-саттық ашылды, сондай-ақ секторға шетелдік эмитенттердің алты ETF бағалы қағаздары енгізілді.