KASE корпоративтік облигациялары бойынша сауда-саттық көлемі 14,9%-ға төмендеді

617

Бұл бірінші жартыжылдықтағы нәтиже.

KASE корпоративтік облигациялары бойынша сауда-саттық көлемі 14,9%-ға төмендеді

2022 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялар бойынша сауда-саттық көлемі 702,5 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 14,9%-ға аз.

Бұл KASE алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 6 млрд теңгені, қайталама нарықта – 4,9 млрд теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 64, қайталама нарықта – 61, бір мәміленің орташа көлемі 92,3 млн теңгені, ал қайталама нарыққа – 71,1 млн теңге құрады. 

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында KASE-де жалпы сомасы 129,6 млрд теңгеге 10 эмитенттің барлығы 16 облигация шығарылымы орналастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 72,2%-ға төмен.

Облигациялардың қайталама нарығында сауда көлемі 59,7%-ға өсіп, 573 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың алты айының қорытындысы бойынша биржада саудаланған корпоративтік қарыз көлемі 0,9%-ға немесе 143,1 млрд теңгеге азайып, 15,3 трлн теңгеге дейін төмендеді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 82 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 324 шығарылымы болды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу