KASE Мәскеулік биржа үлесін сатып алуы мүмкін

287

KASE акционерлік капиталындағы MOEX үлесі 13,1 пайызды құрайды. 

KASE Мәскеулік биржа үлесін сатып алуы мүмкін Фото: Артур Алескеров

Қазақстан АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларына байланысты KASE-дегі Мәскеу биржасының үлесін сатып алу жөнінде Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтып берді, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Сенат кулуарында Сүлейменов журналистермен сөйлесіп, АҚШ-тың Ресейге қатысты санкцияларының Қазақстан қор биржасына (KASE) қалай әсер ететінін түсіндірді. Ондағы MOEX (Мәскеу биржасы) үлесі шамамен 13 пайызды құрайтынын атап өтті.

"KASE-тің 47%-ына ғана Ұлттық қор иелік етеді, қалағаны жекеменшік қаржылық институттарға тиесілі. Сондықтан қазір түрлі нұсқалар қарастырылып жатыр, сіз айтқан Мәскеу биржасымен де келіссөздер жүргізіліп жатыр, үлесін сатып алу туралы да шешім қабылдануы мүмкін", - деп жауап берді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша KASE акционерлік капиталындағы MOEX үлесі 13,1 пайызды құрады.

12 маусымда АҚШ Қаржы министрлігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетінің енгізілгені туралы хабарлады. Санкциялар тізіміне Мәскеу биржасы және оның еншілес компаниялары - ұлттық есеп айырысу депозитарийі және Ұлттық клирингтік орталық кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу