KASE мен Мәскеу биржасы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

743

Келісім Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ға дейінгі көлемін 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңмен сатып алуын көздейді.

KASE мен Мәскеу биржасы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды

2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Мәскеу биржасы (MOEX) Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды KASE-нің баспасөз қызметі.

Алматы қаласында ресми қол қою рәсіміне Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев, Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасы Алина Алдамберген және Мәскеу биржасының басқарма төрағасы Александр Афанасьев қатысты.

Келісім Мәскеу биржасының KASE жарғылық капиталының 20%-ға дейінгі көлемін 2019 жылдың соңына дейін екі кезеңмен сатып алуын көздейді.

 "Біз елдеріміздің арасында қаржылық қызметтердің және капиталдың еркін қозғалуын қамтамасыз етуге тырысудамыз және бұл оны іске асырудың маңызды қадамдарының бірі. Мәскеу биржасы арқылы біз Қазақстан қор биржасы үшін сенімді әрі стратегиялық әріптесті айқындағанымызға сенімдіміз. Өз кезегінде, Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасы арқылы өзіне айтарлықтай сенімді әріптесті тапты дегім келеді. Бұл нарықтың барлық қатысушылары үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, ал Мәскеу биржасы үшін кеңею базасын құруға және қажетті резервтік қуатының болуына мүмкіндік береді", - деді Данияр Ақышев.

Мәскеу биржасының басқарма төрағасы Александр Афанасьев Еуразия экономикалық одағының екі ірі қаржы нарықтарының көшбасшы инфрақұрылымдық ұйымы – Мәскеу биржасы мен KASE келісімі – ЕАЭО-ны дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу