Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.
Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:
- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 338,87 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 66 800 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі теңгемен Т+0 еуроның (EURKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір еуроға 361,00 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 200 мың еуро болды;
- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2148 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 30 200 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,99 теңгені (-2,08 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 78 950 мың (-197 500 мың USD).
Валюталық своп операциялары нарығында:
- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,3054 % құрады, сауда-саттық көлемі – 160 000 мың АҚШ долларын құрады;
- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,2876 % сауда-саттық көлемі 89 000 мың АҚШ долларын құрады;
- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.
Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.